Солтүстік Осетияда бір топ турист көшкіннің астына түсті

Казбек тауында көшкін салдарынан туристердің бірі аяғын сындырып алды. Мұндай хабарламаны РЕН ТВ телеарнасының сайты жазады.

Бір топ турист Солтүстік Осетиядағы Казбек тауында көшкіннің астына түсті. 

Дереккөздің мәліметінше, туристік топ тіркелмеген және көшкін кезінде 3700 метр деңгейде болған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеді. Алайда портал бір адам аяғын сындырғанын жазды. Қазір оқиға орнына құтқарушылар жіберілді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!