Ресейлік турист Сочи тауларында ерекше табиғи құбылыс - брокен елесін суретке түсіріп, Желі қолданушыларын таңғалдырды. Instagram желісіндегі @sochi_online_2.0 аккаунтында бірнеше сурет жарияланды.
Қыз бала тау шаңғысы курортында демалыс кезінде бұлттар арасынан пайда болған елес түріндегі сұлбаны суретке түсірген. "Каменный столб" тауының шыңында біздің оқырманымыз ерекше табиғи құбылысты түсірді", - делінген сурет сипаттамасында. Пост бес мыңға жуық лайк жинаған.
Брокен елесі - тұманды немесе бұлтты күні пайда болатын адам көлеңкесіне ұқсас құбылмалы сәуленің оптикалық құбылысы. Бұл жағдайда күнге қарсы тауда тұрған бақылаушының сұлбасы перспективаға байланысты бұрмаланып, таңғаларлық контурларды қабылдайды.
Желі қолданушылары таңданыстарын жасырмай түрлі пікір қалдырған: "Біздің ғаламшар неткен әдемі еді! Ол ерекше туындыларды жасай алады", "Керемет", "Таңғаларлық! Тек табиғат қана мұндай таңғажайып дүние жасай алады", "Сөзссіз сұлу".
Посмотреть эту публикацию в Instagram