Сингапурде демалыс кезінде жаңбыр жауса, қонақүй өтемақы төлейді

Жаңбыр жиі жауатын Сингапурдағы InterContinental қонақүйінің қонақтары бірегей мүмкіндікті пайдалана алады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі New York Post басылымына сілтеме жасап.

Егер қонақүйге орналасқаннан кейін ауа райы күрт өзгеріп, жаңбыр жауса, қонақтар өтемақы алады. Мұндай мүмкіндікті шамамен 630 доллар тұратын люкс бөлмелерінде тұратындар қонақтар ғана пайдалана алатынын айта кету керек. Өтемақы бір күндік ваучер түрінде беріледі. Егер жаңбыр күндіз 4 сағат бойы 120 минуттан аса уақытқа созылса, ваучерді бір апта ішінде қолдануға болады.

Бұл идея - қонақүйдің бас менеджері Андреас Кремерге тиесілі. Бастапқыда оның досы қалжың ретінде айтқан екен. Кейіннен Кремер ойланып, "премиум" класта саяхаттайтын қонақтарға осындай жеңілдік беруді жөн көрген.

"Мен достарыммен қазіргі саяхаттың болашағы туралы әңгімелестім. Олардың бірі әзілдеп, жақсы ауа райына кепілдік беру арқылы қызмет көрсету деңгейін жоғарылатуға болатынын айтты", - деді ол.

Айта кетейік, Сингапур - әлемде жауын-шашын көп жауатын елдердің бірі. Бір жылда 365 күн болса, Сингапурде жылына 171 күн жаңбырлы болады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!