Сингапурлық Чанги әуежайы инновациялық тәжірибенің арқасында қауіпсіздікті тексеру процесін жақсартпақ, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Business Traveler басылымына сілтеме жасап.
Терминал 3-те жасанды интелект және машиналық оқыту қолданылады, әуежай Automated Prohibited Items Detection System (APIDS) атты жаңа технологияны енгізді. Ол қауіпті заттарды автоматты түрде анықтап, тексеру уақытын 50 пайызға жеңілдетеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Чанги әуежайындағы тәжірибе үміттендіретін нәтиже көреткен. Жоспар бойынша бұл технологияны дамытып, қауіпсіздік деңгейін жоғарылату және тексеруді жылдамдату көзделеді.
Жақсы нәтиже көрсеткенімен, CAG жолаушылар легі толастаған жағдайда және жаңа қауіпті заттарды анықтауда қиындықтар барын айта кету керек.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!