Сингапурда COVID-19 жаңа штамын жұқтыру жағдайы тіркелді - БАҚ

БАҚ Сингапурда коронавирустың жаңа штамын жұқтыру жағдайы тіркелгені туралы жазды. Ауру Ұлыбританиядан жақында келген студенттен анықталған. Сингапур Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тағы 11 адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырған болуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости

Strait Times газеті Сингапур Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйеніп, жаңа штамм 17 жастағы студенттен анықталғанын жазды. Студент қыз Ұлыбританияда тамыздан бері болған, үйіне 6 желтоқсанда келген. Ертесі күні-ақ дене қызуы көтерілген. 8 желтоқсанда COVID-19 тесті оң болып шыққан.

Сингапур ДСМ мәліметінше, елде Еуропадан індет жұқтырып келгендерден COVID-19 геномын секвенирлеп жатыр. 

Бұған дейін Сингапур билігі коронавирустың жаңа штаммына байланысты аустралиялық Жаңа Оңтүстік Уэльс пен Ұлыбританиядан келгендер үшін елге кіру шектеуін қатаңдатып жатқаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!