Сингапур билігі келесі аптадан бастап вакцина алған туристер үшін карантин шектеулерін алып тастады. Бұл туралы ел үкіметінің сайтында хабарланды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
1 сәуірден бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған препараттармен вакцина алған адамдарға кіруге рұқсат етіледі. Вакцина салдырған ересек туристер мен 12 жасқа дейінгі балалар (вакцина алуға міндетті емес) 48 сағаттан аспайтын уақытта жасалған теріс ПТР-тестін ұсынуы керек. Коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын алған сәттен бастап кем дегенде 14 күн өтуі керек. Sinovac (CoronaVac), Sinopharm (Vero Cell), Pfizer, соның ішінде Сингапурда 9 вакцина танылған.
АТОР мәліметінше, Сингапурға барар алдында туристер COVID-19-бен байланысты тәуекелдерді және ауруханаға жатқызу шығындарын қоса алғанда, 30 000 сингапурлық доллар мөлшерінде ең аз өтелетін туристік сақтандыруды сатып алуы керек. Сондай-ақ, бақылау үшін Сингапурде TraceTogether қосымшасын орнату қажет.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!