Сиднейде акула жүзгішті талағаннан кейін жағажайлар жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pixabay.com Көрнекі сурет: pixabay.com

Аустралияның Сидней қаласында бірқатар орталық жағажай акуланың шабуылынан адам қайтыс болғаннан кейін жабылды. Жыртқыш 35 жастағы жүзгішті талаған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Аустралияның Сидней қаласында бірқатар орталық жағажай акуланың шабуылынан адам қайтыс болғаннан кейін жабылды. Жыртқыш 35 жастағы жүзгішті талаған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Жабық жағажайлардың ішінде - қаладағы ең танымалы Бондай, оған жақын Бронте мен Тамарама, сондай-ақ Кужи бар.

"Өтінемін, суға түспеңіз", - деп ескертті Жаңа Оңтүстік Уэльс полициясы Twitter желісінде.

9news телеарнасының мәліметінше, шабуыл 16 ақпанда мұхитта Литл Бей жағажайында болған. Ол қазір де жабық. Куәгерлердің айтуынша, жыртқыш балықтың ұзындығы 4,5 метр болған.

Осы апаттан кейін Сиднейдің айналасындағы суларда акулаларға арналған тұзақтар орнатылды. Олар спутник арқылы қауіп туралы сигнал береді, бірақ теңіз тұрғындарына зиян тигізбейді.

Жағажайлар акула әлі де жақын жерде және адамдарға шабуыл жасауы мүмкін деген қорқыныштан жабық. Алайда, полицияның ескертуіне қарамастан, адамдар Литл Бейде шомылып жатыр.

Акулалардың шомылушылар мен серферлерге шабуыл жасауы Австралияда сирек болмаса да, бұл - 1963 жылдан бергі алғашқы адам өлтіру.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная