36 жастағы Лейлсон де Соуза туристерді Рио-де-Жанейроның Тижука ұлттық паркінде соқпақ жолмен алып келе жатқанда, найзағай соқты. Ер адам оқиға орнында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Шыңға шығатын күні ауа райы күңгірт болған, гид туристерге жаңбыр жауып кетуі мүмкін екенін алдын ала ескерткен. Олар жарты жолға жеткенде, ауа райы бұзылған, алайда Соуза топтың өтініші бойынша алға қарай жылжыған.
Туристер шыңға жеткенде, топтағы қыздардың бірі селфи видео түсіріп тұрған. Видеода ер адамның соңғы секундтары түсірілген. Ер адам қас-қағым сәтте жан тапсырған.
Lightning strike kills tour guide, 36, in Rio de Janeiro https://t.co/HxTJ1WWXnl via @MailOnline
— greysunshelbyryanconroy (@ghwbjfkmlkrfk) November 21, 2023
Туристер қозғалуға қорқып, оларды да найзағай соғама деп үрейленген. Олар құтқарушылардың келуін күткен.
Басылым мәліметінше, адамды найзағай соғу қауіпі бір миллионнан бір жағдай екен және зардап шеккендердің 90 пайызы аман қалады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!