Жер-жаһан 28 қараша 2023 13:31

Швеция аумағы 500 шаршы метрге көбейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/monika1607 © pixabay.com/monika1607

Еуропалық Швеция мен Норвегия елдерінің ортасындағы шекара өзен арнасының өзгеруіне байланысты қозғалды. Осылайша Швецияның батыс бөлігі 500 шаршы метрге көбейді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі EuroPulse басылымына сілтеме жасап.

Мұндай мәлімет норвегиялық шекарашылардың аэротүсірілімдерінің нәтижесінде белгілі болды. Енді олар құжаттарды әзірлеп, екі елдің Сыртқы істер министрлігіне жібереді. Шекараның өзгеруі ресми түрде 2024 жылы жариялануы мүмкін.

Фото: EuroPulse

Швецияға "көшкен" аумақ жеке жер иеленушіге тиесілі. Оның айтуынша, бұл жер күзетіледі сол себепті швециялық жер болуы қатты әсер етпейтін көрінеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!