Шри-Ланкаға виза қаншалықты қымбаттайды?

Шри-Ланка билігі 1 желтоқсаннан бастап туристік визаны рәсімдеу құны өсетінін хабарлады. Мұндай қаулыны елдің көші-қон департаменті жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Жаңа ережеге сәйкес, 180 күнге жарамды (бір рет кіру) электронды визаның (ЕТА) құны ересек турист үшін 35-тен 50 долларға (шамамен 24 000 теңге) өседі. Осындай соманы 30 күнге жарамды (екі рет кіру) ЕТА үшін де төлеуге тура келеді. Елге бармай тұрып, құжаттарды онлайн-форматта жіберуге болады.

Келгеннен кейін туристік виза да 20 долларға қымбаттайды. 40 доллардың орнына енді 60 доллар төлеуге тура келеді (шамамен 28 000 теңге). Келу визасын қолма-қол ақшамен төлеу мүмкіндігі де қарастырылған.

12 жасқа дейінгі балаларға виза тегін беріледі.

Айта кетейік, Қазақстан биыл Шри-Ланкаға келетін туристер саны бойынша үздік 15 елдің қатарына енді. Мұндай ақпарат Шри-Ланканың Туризмді дамыту басқармасының (SLTDA) сайтында жарияланды. Ал былтыр наурыз айында пандемия кезінде Қазақстан Шри-Ланкаға келетін туристер саны бойынша бірінші орынға шыққан еді.