© pixabay.com © pixabay.com

Шри-Ланкада туристерден бірнеше ПТР-тест талап етіледі


Шри-Ланканың Туризм министрлігі 21 қаңтардан бастап елді шетелдік туристер үшін ресми түрде ашылатынын хабарлады. Аралға бару үшін саяхатшылар ұшудан 96 сағат бұрын алынған коронавирусты анықтайтын ПТР-тестін тапсыру қажет және ол ағылшын тіліне аударылуы керек.

Шри-Ланкаға қонақүйге келгенге дейін, тіркелу алдында қонақтардан екінші COVID тесті талап етіледі. Содан кейін тестілерді әр бес-жеті күн сайын тапсырып тұру керек. Шри-Ланка Туризм министрлігінің мәліметінше бір ПТР тестінің құны 40 доллар тұрады.

Сонымен қатар, туристерге елге бару үшін виза алу қажет, бұл ақысыз, яғни оған өтінішке бір айға жарамды сақтандыру төлемі туралы құжат және ПТР тестінің нәтижелері қоса өткізіледі. Егер сараптама қорытындысы оң нәтиже берсе, бірақ қонақта аурудың симптомсыз түрі болса, ол қонақүй аумағында дәрігерлердің бақылауымен демалуды жалғастыра алады. Егер коронавирустың белгілері айқын болса, онда турист жергілікті сақтандыру есебінен ауруханаға жатқызылады.

Елге келушілер сертификатталған қонақүйлерде тұруы қажет. Қонақүйде тоқтайтын күндерге шектеу жоқ. Бірақ туристер қонақүйді 14 күннен ерте ауыстыра алмайды. Карантин талап етілмейді. Демалушылар өздері тұратын аймақтың туристік орталықтарына экскурсияға бара алады. Барлығы ел үкіметі саяхатшылар шыға алмайтын 14 аймақ қарастырған. Алғашқы екі аптада қонақтармен бірге ресми өкілдер жүреді.

Шри-Ланканың қонақүйлері медициналық тест тапсыру үшін медициналық пункттерді жабдықтауға, сақтандыру компаниясымен келісімшартқа отыруға мәжбүр болады. Сонда ғана орналастыру орындары шетелдік туристерді қабылдауға болатындығын растайтын QR код алады. Алайда, туроператорлардың айтуынша, аккредиттелген қонақүйлердің бекітілген тізімі белгісіз.


Осыған ұқсас мақалалар

АҚШ-тың екі штатында бетперде кимеуге рұқсат етілді АҚШ-тың екі штатында бетперде кимеуге рұқсат етілді
Қазақстандықтар Шри-Ланкаға келетін туристердің көшін бастады Қазақстандықтар Шри-Ланкаға келетін туристердің көшін бастады
"Жаман еді, одан да нашарлады" - IATA әуе тасымалының жағдайы туралы "Жаман еді, одан да нашарлады" - IATA әуе тасымалының жағдайы туралы