Шри-Ланкада туристер мінген автобус пойызға соқтығысты

Шри-Ланканың Васкадуве курортты аймағында чехиялық туристер мінген автобус пойызбен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Morning басылымына сілтеме жасап.

Калутара-Норт полициясының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан екі турист жеңіл жарақат алған.

Катунаяке Бандаранаике халықаралық әуежайына баратын жолда автобус Алутгамнан Чилауға шыққан № 8304 электрпойызымен соқтығысты. Жол апаты саладыран автобустың артқы бөлігі қатты бүлінген.

Пойыз машинисі Калутара ауруханасына жеткізілді, оның көзі зиян келіп, жеңіл жарақат алған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!