Шотландияда Алматыдағы пәтер бағасына арал сатылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Midjourney Midjourney

Шотландия тағы да таңғалдырды: Эйлеан Лох Оскэр аралы салыстырмалы түрде қолжетімді баға - 125 мың фунт стерлингке (шамамен 83 миллион теңге) сатылымға шықты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Spaces басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Шотландия тағы да таңғалдырды: Эйлеан Лох Оскэр аралы салыстырмалы түрде қолжетімді баға - 125 мың фунт стерлингке (шамамен 83 миллион теңге) сатылымға шықты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Spaces басылымына сілтеме жасап.

Бұл шамамен 10 акр жер учаскесі Лисмор аралының солтүстік-батысында, Шотландияның батыс жағалауындағы ең таза аймақтардың бірі – Лорн бұғазының суларында орналасқан. Эйлеан Лох Оскэр аралы "өзіндік оңашалық бұрышын құруға арналған бірегей мүмкіндік" ретінде жарнамаланып жатыр. Арал кемпинг, мал өсіру немесе экожүйені қалпына келтіру үшін өте қолайлы. Мұнда өзен суының көзі және шамамен бір шақырымдық жағалау сызығы бар.

Шотландияның тіркелген мүлік құқығына (ерекше жер иелену түрі) сәйкес, аралға күтім мен мақсатты пайдалану қажет. Болашақ иесі аралда тұруы немесе одан 32 шақырымнан алыс емес жерде орналасуы керек. Жерді пайдалану ауыл шаруашылығымен айналысуды немесе табиғатты қалпына келтіру жұмыстарын қамтуы мүмкін.

Аралдың тартымдылығына қарамастан, сатып алушылар оның пайдалану шектеулерін ескеруі керек. Жергілікті билік туризмді дамыту жоспарларын және биік жерге автономды тұрғын үй салу жобасын бұрыннан-ақ мақұлдамаған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная