Шотландияда 10 гектарға созылған арал сатылады

Шотландияда Барлокко атты адам тұрмайтын арал сатылымға шығарылды - жаңа қожайыны 190 мың долларға (шамамен 85,5 миллион теңге) өмір сүру жағдайы ерекше орынға ие болады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

New York Post мәліметінше, Барлокко Шотландияның оңтүстік жағалауында орналасқан, оған жақын қала Гейтхаус-оф-Фли деп аталады және қайықпен екі сағаттық жерде орналасқан.

"Бейнелі жұмақ арал жасыл желекке толы және шамамен 10 гектарға созылады. Барлоккода адамдар, үйлер мен ғимараттар жоқ, бірақ малта тасты жағажай және көп жұмыс бар.

Жайлы аралда жабайы табиғат өкілдері мекендейді және аймақтағы теңіз құстарының ең үлкен колонияларының біріне айналған. Мұнда сирек кездесетін өсімдіктер, соның ішінде хош иісті орхидея өседі", - деп жазады басылым.

Басылым мәліметінше, жылжымайтын мүлік сату фирмасы осыған дейін 11,7 гектар жері бар Литтл Росс аралын сатқанын мәлімдеді: 2017 жылы жер 400 мың долларға (шамамен 182 миллион теңге) сатылды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!