Испанияның Майорка курорты Ұлыбританияның арзанқол ішкіш туристтері жасап берген "ішкілік пен ойнас мекені" деген имиджбен күреспек, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Испаниялық БАҚ бетінде бағынбаса қомақты айыппұл салынатын ережелер жарияланды. Негізінен ол туристердің ішімдікті мөлшерірнен артық ішуге қатысты.
Жергілікті басқару органы ережені "арзанқол демалыс орны" атағымен күресу мақсатында қабылдады. Бұл ережелер кемі 1 қазанған дейін жарамды болады.
Ережелер келесідей:
- 18 жасқа толмағандар түнгі клубқа, дискотекаға және тағы басқасына бара алмайды.
- Кешкі сауықтыруға келушілер көйлек киген болу керек, сауық-сайранға белдемшең баруға болмайды.
- Түнгі клубқа кезексіз, адамдар қатарын бұзып-жарып кіруге рұқсат жоқ.
- Көңіл көтеру кешіне денесінде арандатушылық және неонацисттік татуы бар адамдар кірмейді, бұл мастарға да қатысты.
- Кешкі сауық орындарында есірткіге тыйым салынған. Мейрамхана терассалары мен көшеде шылым шегуге болмайды.
- "Бәрі ішінде" жүйесімен жұмыс істейтін қонақүйлерде ішімдік шектеледі.
- 21:30-дан кейін алкоголь сату мен оны жарнамалауға тыйым салынған.
- Көшеде кеудені жалаңаштауға болмайды.
- Елдің көзінше, көлікте, қонақүй сыртында жыныстық қатынасқа түсуге қатаң тыйым салынды.
- Енді ешкім жағажайға ұятсыз сурет салынған орамалмен немесе үрлемелі секс-қуыршақпен бара алмайды.
- Жағажайда массаж жасауға да тыйым салынды.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!