Шетелде үш жыл құлдықта болған қыз тұтқында ұстағандардың жазасын берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Аустралиядағы мейрамхана иелері Филиппиннен келген турист қызды тегін жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Кейін ол тұтқыннан қашып, өзін тұтқында ұстаған адамдарды сотқа берді. Бұл туралы Daily Mail жазады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы.


Иконка комментария блок соц сети

Аустралиядағы мейрамхана иелері Филиппиннен келген турист қызды тегін жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Кейін ол тұтқыннан қашып, өзін тұтқында ұстаған адамдарды сотқа берді. Бұл туралы Daily Mail жазады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы.

2013 жылы Шейла мен Джошуа Макалир (Sheila және Joshua McAleer) Филиппиннен келген туристі алдау арқылы жұмысқа тартқан - қыз келгеннен кейін ерлі-зайыптылар оған төлқұжат пен үш айлық виза жасап берген. Оған сәйкес шетелдік басқа жерге жұмысқа тұруға құқығы болмаған.

Қыз жұмыс істеп жүргенде жергілікті ауруханада емделген. Сондықтан аустралиялықтар оған көп қарызы бар екенін айтқан. Сонымен қатар, олар оны полицияға "береміз" және Филиппиндегі отбасына зиян тигіземіз деп қорқытқан. Шетелдік әйел үш жыл бойы Макалир отбасының мейрамханасында және үйінде тегін жұмыс істеген.

2016 жылы турист тұтқыннан қашып, танысының үйінде жасырынған. Кейін қыз оларды сотқа береді.

"Мен өзімді құл сезіндім, бірақ ештеңе істей алмадым. Менің жағдайды өзгертуге күшім болмады", - деді ол сот алдында.

Ерлі-зайыпты бірнеше қылмыстарға, соның ішінде шетелдік азаматты заңсыз жасыруға және денсаулыққа жәрдемақы алу үшін жалған айғақтар жасауға кінәлі екенін мойындады. Олар туристке 70 мың доллар өтемақы ұсынды.

Сот бұл іске қатысты шешімді маусымда шығарады. Егер ерлі-зайыптының кінәсі расталса, олар он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная