Шешенстан тауларында туристер тобы із түссіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы өңірлік төтенше жағдайлар мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Сунжен ауданындағы Бамут ауылына жақын маңдағы таулы-орманды аймақта болған. Мекеме өкілдерінің мәліметінше, 14 адам 7 ақпанда жексенбі күні таңда орманға торжуа (пияздың жабайы түрі) теруге шыққан, алайда содан кейін олармен байланыс үзілген.
Қазіргі уақытта оқиға орнына құтқарушылар аттанған, олардың арасында кинологтар да бар. Іздеу тобының құрамын көбейту жоспарланған.
"Адамдарды іздеу қиынға соғып отыр, өйткені мұнда ұялы байланыс тартпайды сол себепті олардың соңғы рет қай жерден байланысқа шыққан белгісіз", - деді ТЖ өкілі.
UPD: Кейінірек РИА Новости басылымы торжуа теруге шыққандардың табылғаны туралы хабар таратты.