Шаңғышы балаларының көзінше Альпідегі қар көшкінінің астына түсіп қалған

Екі шаңғышы франциялық Альпідегі қар көшкінінің астында қалып, оқыс жағдайға тап болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Mont Blanc радиосының порталына сілтеме жасап.

Оқиға 14 ақпан күні Пра де Лиз Сомманда болды. 40 жастағы шаңғышы сырғанап бара жатқанда, тау беткейіндегі қар көшкен. Салдарынан ер адам үш баласының көзінше қар астында қалып, 200 метрге жерге дейін домалап кеткен. Сонымен қоса 45 жастағы ұлыбританиялық турист те қалың қардың астында қалып қойған.

Қос шаңғышының қолында оларды табуға мүмкіндік беретін құрылғылар болмаған. Оқиға орнына бірден отызға жуық құтқарушы, өрт сөндіруші және патруль қызметі, бес шаңғышы нұсқаушысы, төрт кинолог және екі тікұшақ тартылды. Ауқымды іздеу жұмыстары жарты сағатқа жалғасты. Ер адам Салланш коммунасының ауруханасына тікұшақпен жеткізілді. Ол жеңіл жарақат алған көрінеді. Ал ұлыбританиялық әйел зардап шекпеген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!