Сеулдің орталығында қазақ ауылы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz Фото ©️ Tengrinews.kz

Сеулде Корея үкіметі ұйымдастырған үш жылда алғаш рет Азия мәдени фестивалі өтті. Ашық концерттерге өңірдің жеті елінің өкілдері қатысты, бірақ көрме павильондарын тек Қазақстан мен Вьетнам ашты. Сеулде Астана мен Ханойдың дипломатиялық қарым-қатынасының 30 жылдығы атап өтілді, - деп хабарлайды Kaz.tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Иконка комментария блок соц сети

Азия фестивалі Сеулдің ең көп баратын орындарының бірі - Ханган өзенінің жағасындағы Йоидо саябағында өтті. Мұнда вьетнамдық және қазақстандық павильондар орнатылды. Үш күн ішінде бірнеше ондаған мың оңтүстік кореялықтар қазақ ауылында болып, дәстүрі және көрікті жерлерімен танысты.

Сеулдіктер саябаққа негізінен балалармен келді. Ауылда оларды Кореяның қазақ диаспорасының өкілдері қарсы алды. Қонақтарға бауырсақ пен шай ұсынылды. Балалар өз бетінше қағаздан киіз үй жасап, виртуалды түрде Шымбұлақта шаңғы теуіп, домбыра мен қобыздың үніне құлақ түрді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная