Серфинг үйренбек болған турист отбасының көзінше суға батып кетті

Пуэрто-Рикодағы демалысы кезінде америкалық турист отбасының көзінше суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес Миннесотадан келген 51 жастағы Бенджамин Джеймс Кинг жақындарымен бірге Лукильо қаласында демалған. Демалысы кезінде ол серфингтің қыр-сырын үйренгісі келіп, арнайы маманға жүгінеді. Дегенмен сабағы аяқталғаннан кейін жағаға жүзіп жете алмай қалады. Толқындар тым күшті болғандықтан, екі балалы әке судан шыға алмаған.

Жүзіп жүрген үш турист оны судан шығарып, дәрігерлер келгенге дейін алғашқы көмек көрсетуге тырысты. Бірақ еш нәтиже болмады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!