Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әйгілі саяхатшылар қызметінің негізін қалаушы және бас директоры Навин Диттакави жұлдызнама белгісіне қарай 2022 жылы қайда бару керегін айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Express басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Әйгілі саяхатшылар қызметінің негізін қалаушы және бас директоры Навин Диттакави жұлдызнама белгісіне қарай 2022 жылы қайда бару керегін айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Express басылымына сілтеме жасап.

Диттакави командасымен және астрология сарапшыларымен бірге қайда бару керегін және демалыстан барынша ләззат алу үшін әр белгінің ерекшеліктерін зерттеді.

Келесі жылы батыл және өршіл Тоқтыларға Перуде орналасқан ежелгі қалаға - Мачу-Пикчуға  сапар жоспарлаған оңтайлы.

Торпақ - тыныштықты бағалайтын ең сезімтал жұлдыз белгілерінің бірі. Олар үшін Флоренцияға саяхат тамаша демалыс болады. Онда Торпақ демалыс пен дәмді тағамнан ләззат алып, көрікті жерлерді тамашалай алады.

Егіздер сергуді жақсы көреді және үнемі қызықты оқиғаларды іздейді. Мұның бәрін олар Нью-Йоркте - ешқашан ұйықтамайтын қалада табады.

Нәзік және сезімтал Шаяндар үшін жұмақ арал Бали ең қолайлы жер болмақ.
Биыл жарқын және қызуқанды Арыстандар Дубайға назар аударуы керек, онда олар сән-салтанаттан ләззат алып, Instagram-да көргендерімен мақтана алады.

Бикештер үнемі қозғалыста және ойтолғауды қалайды. Сондықтан олардың саяхаты да сондай болуы керек. Оларға Барселона ыңғайлы болады. Онда әдемі сәулет, жанды қала өмірі мен жағажайлар біріктірілген.

Таразы жаңа адамдармен танысып, мәдениетке қосылуды жақсы көреді. Сондықтан олар үшін Берлинге билет алған дұрыс. Онда олар саяхатқа деген "шөлін" басады.

Сарышаяндар - ең романтикалық белгілердің бірі. Оларға Париж қолайлы болмақ.

Тәуелсіз болуды және қызық оқиғаларды жаны қалайтын Мергендерге Таиландқа саяхаттаған абзал. Олар үшін жаңа достармен кездесуге және жергілікті мәдениет, дәстүрлермен танысуға тамаша мүмкіндік болады.

Тауешкілер - өршіл және өте еңбекқор. Сондықтан Гавайиге сапар шеккен дұрыс, онда осы белгінің өкілдері жаңа спорт түрлерін игеріп, таза ауадағы іс-шараларға қатыса алады. Оларға сөзсіз ұнайды.

Суқұйғыш айрықша демалысты қалайды. 2022 жылы Африканың ең биік тауы Килиманжароға саяхат олар үшін ең қолайлы.

Балықтар үшін келесі демалыстың ең жақсы нұсқасы Үндістан болады. Гоа, Ришикеш немесе Гималайды таңдау оңтайлы.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная