Сауд Арабияның батысында орналасқан Джидда қаласында табиғи апат салдарынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Al Arabiya басылымына сілтеме жасап. Үнемі аптап ыстық болатын елде толассыз жаңбыр мен қатты соққан жел тұрып, Джидда қаласын су басты.
"Қазіргі уақытта екі адам қаза тапқаны белгілі, тұрғындарға нақты бір себеп болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес береміз", - делінген Меккенің өңірлік билігі.
Мекке қаласына жақын орналасқан Джидда қаласында төрт миллионға жуық адам тұрады. Көбіне қажылыққа барушылар осы қаланың әуежайына қонып, ары қарай көлікпен қатынайды. Әуежайдың жұмысы тоқтады. Алайда қазір су тасқыны салдарынан қажылыққа баратындар үшін жолдар жабылған.
Желіде Джидда қаласының тұрғындары су басқан көшелердің видеосын салып жатыр.
#اندونيسيا
— طقس_العالم ⚡️ (@Arab_Storms) November 24, 2022
بعد #الزلزال ، حدثت فيضانات مفاجئة مخيفةفي جنوب #سيانجور يوم الأربعاء (23/11)#floods #Indonesia #جده_تغرق #كأس_العالم_قطر2022
pic.twitter.com/azCRE3jL3f