Сауд Арабиясына барарда мына жеті кеңесті білу керек

Сауд Арабиясы - тарихы бай, мәдениеті және көптеген табиғи ғажайыптары бар орын. Патшалықта кез келген талғамға арналған арнайы демалыс бар және одан ләззат алу үшін сіз бірнеше маңызды фактілерді білуіңіз керек. Олар туралы Kaz.tengritravel.kz тілшісі Travelpulse.com сайтына сілтеме жасап жазады.

COVID шектеулері

Сауд Арабиясына кірер алдында туристер COVID-19-ға қарсы толық вакцинациялануы керек. Вакцина туралы деректерді мемлекеттік порталға енгізу қажет.

Визалық талаптар

Қазақстаннан келген туристер еVisa платформасы немесе иммиграция департаментінің визалық бөлімдері арқылы туристік виза алуға онлайн өтініш бере алады. Виза құны - 300 риал (шамамен 38 000 теңге). Коронавирустан кешенді медициналық сақтандыру құнына салықтарды қосқанда 180 риалды (шамамен 23 000 теңге) құрайды. Бұл ретте жалпы сома 480 риал болады (шамамен 60 500 теңге).

Әуе сапарлары

Сауд Арабиясына аптасына үш рейс жүзеге асырылады: Шымкент - Джидда (SCAT - 2 рейс), Шымкент - Медина (SCAT - 1 рейс). Қазан айынан бастап Алматы - Джидда рейстері аптасына екі рейс жиілігімен қайта басталды. Air Astana және Fly Arystan әуекомпаниялары 2022-2023 жылдардағы күзгі-қысқы навигация кезеңінде аптасына екі рейс жиілігімен Алматы - Медина және Ақтау - Медина бағыттары бойынша тұрақты рейстерді ашуды жоспарлап отыр. Fly Nas әуекомпаниясы да Джидда – Алматы бағыты бойынша тұрақты рейстер ашады.

Климат және ауа райы

Сауд Арабиясының шөлді климаты бар, сондықтан саяхатшылар жылы ауа райына, күнге және жаңбыр аз болатынына дайын болуы керек. Жаңбырлы маусым қарашадан сәуірге дейін созылады. Осыған байланысты жылдың ең жақсы уақыты ретінде ерекшеленетін бір мезгіл жоқ.

Қарым-қатынас тілі

Араб тілі - Сауд Арабиясында ресми тілі, бірақ ағылшын тілі бүкіл патшалықта бейресми екінші тіл ретінде қызмет етеді және көптеген жергілікті тұрғындар мен қонақтар сөйлейді. Сонымен қатар, барлық жол белгілері екі тілде: араб және ағылшын тілдерінде көрсетілген.

Не көруге болады

Сауд Арабиясы көптеген ерекше тәжірибелерді ұсынады, бірақ бірнеше тәжірибені жіберіп алмау керек. Мысалы, "әлемнің шетіне" немесе Джебель Фихрайн жартасына жорықтар, Тайфаның раушан бақтары, Қызыл теңізде су астында жүзу, Сауд Арабиясының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Аль-Ула оазисіне бару керек.

Жергілікті тағамдар

Сауд Арабиясы саяхатшылар міндетті түрде ғашық болатын тағамдармен мақтана алады. Негізгі тағамдары, мысалы, кабса (күріш пен ет тағамы) және джариш (ет немесе тауық еті қосылған йогурт соусында дайындалған ұсақталған бидай - автор), әлемнің осы бөлігіне алғаш рет келгендер үшін міндетті тағамдар.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!