Сауд Арабиясы вакцина салдырмаған туристерге карантин енгізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Сауд Арабиясы 17 мамырдан бастап көптеген қатаң антиковидтік шектеуді алып тастады. Бірақ 20 мамырдан бастап COVID-19 вирусына қарсы вакциналау туралы куәліксіз келген барлық шетелдік азамат үшін өз есебінен 7 күндік карантин енгізді. Сондай-ақ обсерваториялық қонақүйде болу шығындары автомат түрде әуебилетінің құнына қосылады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourweek басылымына сілтеме жасап.

Иконка комментария блок соц сети

Елде коронавирусқа қарсы вакцинаның тек 4 түрі: Pfizer, Oxford, Moderna және Johnson&Johnson мақұлданған. Алайда, егер толық вакциналау Сауд Арабиясына келгенге дейін 2 аптадан аз уақыт бұрын жүргізілсе, онда келгендерге вакцинацияланбаған қонақ сияқты мәртебе беріледі.

Карантинге жатқызылатын шетелдік азаматтардың денсаулығын бақылау үшін оқшаулаудың бірінші және соңғы күнінде 2 ПТР-тест жасалады.

Ұшудан үш күн бұрын жасалған ПТР-тестінің теріс нәтижесі туралы растауы бар шетелдіктерге ғана бортқа отыруға рұқсат етіледі. Тест 8 жастан бастап барлық шетелдік үшін міндетті.

Жоғарыда аталған талаптардан басқа коронавирусты емдеуді қамтитын медициналық сақтандыру полисі қажет болады.

Сауд Арабиясына кіретін азаматтардың мына санатына карантин міндет емес:

ел азаматтары;
ресми делегация мүшелері;
дипломаттар;
дипломаттардың отбасы мүшелері;
әуеэкипаж мүшелері.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная