Америкалық туристің айтуынша, ол биіктіктен қорқады. Бұл туралы жігітіне саяхатқа шығар алдында ескерткен. Алайда, жігіті ол қорықса, қасында тұрып қолдайтынын айтқанмен, бәрі керісінше болған. Саяхатшылардың оқиғасын Tourprom сайты жазды.
Жұп америкалық әйгілі үлкен каньон орналасқан Аризонада демалысқа аттанады.
"Кетер алдында қорқатынымды айтып, ескерттім. Бір емес, бірнеше рет. Мен қорқып жатсам, ол мені тыныштандыратынын айтты", - деп шағымданды қыз.
Іс жүзінде бәрі басқаша болады. Туристер Аризонадағы үлкен каньонға барған кезде жігіт "орынсыз әзілдейді".
"Біздің экскурсиямыздың бірінші күні біз суретке түсу үшін биікке шықтық. Ол мені ұстап алып, жартастың шетіне қарай апарды. Мен қатты қорықтым. Мұның бәрі біздің топтың көз алдында болды, ал гид мені тыныштандыруға тырысты", - деді жәбірленуші.
Қыздың айтуынша, жігіт мұны әзіл деп айқайлаған және оның қорқынышын жеңу үшін жасаған. Ол келесі күні заттарын жинап, жігітті Аризонада тастап, үйіне ұшып кетеді.
Турист әлеуметтік желіде жігітін тастап кеткеніне қатысты оқырмандардың ойын сұрады.
"Біздің көптеген досымыз менің тым қатты кеткенімді айтты, бірақ бәрі менің жағымда болды", - деп қосты ол.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!