Сарапшылар туризм нарығындағы басымдықтарды атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Pixabay @Pixabay

Сарапшылар саяхат және туризм нарығын зерттеу нәтижелерінде туризм саласын 2022 жылдан 2031 жылға дейін орта есеппен 15,5 пайызға өседі деген болжам жасады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Breakingtravelnews.com сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Сарапшылар саяхат және туризм нарығын зерттеу нәтижелерінде туризм саласын 2022 жылдан 2031 жылға дейін орта есеппен 15,5 пайызға өседі деген болжам жасады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Breakingtravelnews.com сайтына сілтеме жасап.

Transparency Market Research Inc компаниясының мамандары табыстың артуы экологиялық турлардың танымал болуымен байланысты деп отыр. Мұны туристік саланың 2022 жылғы статистикасы дәлелдейді.

Туризм индустриясы туристер кірісінің өсуімен, экскурсиялық турларға деген ұмтылысымен және клиенттердің әртүрлі аймақтағы мәдениеттерді зерттеуге бейімділігімен дамып келеді. Сарапшылардың пікірінше, туристерге саяхаттан ерекше әсер ұсыну - бұл нарық көшбасшыларын жеңу.

Талдау бірқатар туристің денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту үшін турлар жасауға бейім екенін көрсетті. Соңғы бірнеше жылда корпорациялар арасындағы іссапарлар санының өсуі саяхат және туризм нарығына айтарлықтай табыс әкелді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная