Сарапшылар Еуропада туризм бойынша болжам жасады

Осы жазда Еуропаға баратын саяхатшылардың саны едәуір өсті, ал сарапшылар бұл үрдіс күзде және қыста жалғасады дейді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Breakingtravelnews.com сайтына сілтеме жасап.

ForwardKeys компаниясы күнделікті миллиондаған рейстерді талдайды және туристік индустриядағы тенденциялар мен болжамдарды анықтау үшін аналитикалық құралдарды ұсынады. Компания еуропалық бағыттар бойынша соңғы есепті жариялады.

"Пандемиядан кейін қалпына келу үдерісі сапарлардағы хаос пен кадрлардың жетіспеушілігінен туындаған өткізу қабілеттілігінің төмендеуіне қарамастан жалғасып жатыр", - деді ForwardKeys вице-президенті Оливье Понти.

Шілде және тамыз айларында Түркия мен Грекияда шетелдік келушілер жасаған рейстер саны пандемияға дейінгі деңгейден асып, сәйкесінше тоғыз және екі пайызға артты. Келесі үш айдағы болжам әуе билеттерін брондау саны пандемияға дейінгі деңгейден 21 пайызға төмен екенін көрсетсе де, Еуропа бойынша әуетасымалы 2019 жылмен салыстырғанда 26 пайызға төмендеді.

Сарапшылардың пікірінше, егер әуекомпаниялар көктемнің соңында және жаздың басында жоғары сұранысты қанағаттандырғанда, онда еуропалық бағыттар көбірек туристерді тарта алатын еді. Сондай-ақ, деректер Еуропа ішіндегі рейстерді брондау саны бес пайызға артқанын көрсетті.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!