Сарапшы қазақстандықтарға нәрестемен қайда демалуға болатынын айтты

Егер дұрыс орын таңдалса, кішкентай балалармен саяхаттау қызықты әрі ұмытылмас болуы мүмкін. Туризм саласының маманы Светлана Жапарқұлова Tengritravel.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстаннан баруға болатын бірнеше бағытты атады. Ол балалармен демалуға ыңғайлы болатын жерлерді атап, оның неліктен тартымды болатынын түсіндірді.

Pixabay/Hans-Jürgen Schmidt

Бірікке Араб Әмірліктері:

  • Ұшу уақыты аз, небары 4,5 сағат. Бұл жағдай балалармен саяхаттау кезінде өте маңызды.
  • All inclusive жүйесі бар қонақүйлер көп, мұның өзі ыңғайлы әрі мәселе туындатпайтын демалыс ұйымдастыруға септігін тигізеді.
  • Көңіл көтеру саябақтары, сауда орталықтары және экскурсиялар барлық отбасы мүшелері үшін белсенді демалуға мүмкіндік береді.

Pixabay/Amanja Hemal

Шри-Ланка:

  • Қонақүйлер деңгейі жоғары және жағалау маңында орналасқан
  • All inclusive жүйесінің арқасында барлық отбасы үшін тамаша жағдай жасалған.
  • Ұшу ыңғайлы.

Pixabay/Penny

Вьетнам (Фукуок аралы):

  • Барлық отбасы мүшелері үшін тиімді болатын тікелей рейс.
  • Қыста мұнда ауа райы тамаша және қонақүй қызметі жоғарғы деңгейде.
  • Түрлі инфрақұрылым, оның ішінде сафари, "Винперл" көңіл көтеру саябағы, аквапарк және көптеген қызықтарға толы.

Pixabay/Fonthip Ward

Мальдив аралдары:

  • Тікелей рейстер және all inclusive жүйесі бар салтанатты резорттар.
  • Ойдағыдай жағажайлар және барлық отбасы мүшелері үшін ұмытылмас релакс.
  • Жағымды ауа райы демалысты тартымды етеді.

Pixabay/Michelle Raponi

Таиланд (Пхукет аралы):

  • Таза жағажайлар және кез келген уақытта жаз мезгілі тұратын мекен, мұндай фактор көп балалар мен ата-аналардың қалауы
  • Тікелей ұшу және көптеген жеміс түрі, жануарлар да көп. Саяхатты қызықтыратын экскурсиялар әр-алуан болып келеді.

Pixabay/waseem lazknai

Катар:

  • Тікелей рейс небары 4,5 сағат алады
  • All inclusive жүйесінің арқасында барлық отбасы үшін тамаша жағдай жасалған. Түрлі анимация мен көңіл көтеру қызметі қамтылған.
  • Шопинг үшін таптырмас мекен және балалардың ермегі болатын сауықтыру бағдарламалары да баршылық.

Қажетті бағыт таңдауда не қалайтыныңыз маңызды, бюджет және отбасы мүшелерінің қалауы ескеріледі. Аталған орындардың ерекше артықшылығы бар және ұмытылмас әсер сыйлайды.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.