Сапалы вакцина - туризмді сақтап қалар бірден-бір жол - ҚТА

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Shutterstock © Shutterstock

Сапалы вакцинаның пайда болуы туризмді жандандыруға көмектеседі. Бұл пікірмен Kaz.tengritravel.kz порталымен Қазақстан туристік қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова бөлісті. Сонымен қатар, ол туризм нарығындағы қазіргі жағдай туралы айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Сапалы вакцинаның пайда болуы туризмді жандандыруға көмектеседі. Бұл пікірмен Kaz.tengritravel.kz порталымен Қазақстан туристік қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова бөлісті. Сонымен қатар, ол туризм нарығындағы қазіргі жағдай туралы айтты.

Қазіргі таңда Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Түркия, Египет, Өзбекстан, Украина, Германия, Нидерланды, Корея, Біріккен Араб Әмірліктері және Мальдив сияқты елдерге Қазақстан азаматтары үшін 12 тікелей рейс ашық.
"Сіз сондай-ақ шетелдіктерге басқа елге ұшуға мүмкіндік беретін кез-келген транзиттік рейсті пайдалана аласыз. Жазда біздің азаматтар Түркияда емін-еркін демалатын еді, ауа-райы қолайлы болды. Қазір Мысырға сұраныс көп", - деп атап өтті Рашида Рашидқызы.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Қырғызстанның құрлықтағы шекараларын ашу жағдайы туристерді алаңдатады, бұл көрші елде демалуды қолжетімді етеді. Алайда сарапшы қазіргі жағдайға байланысты ол әзірге мүмкін еместігін айтты.

"Ұлыбританиядағы вирустың жаңа түрі туралы, Америкада, Батыс Еуропада жұқтырғандар санының артуы туралы ақпараттар жиілеп барады. Бұл деректерге қарап, жақын арада жағдай өзгереді деп сенуге негіз жоқ", - дейді Рашида Шайкенова.

ҚТА директорының айтуынша, вакцинаның шығуы туризм индустриясын құтқарушы фактор болады.
"Ешкім қолданыстағы вакцинаның қаншалықты тиімді екенін нақты айта алмайды. Бірақ ол шынымен тиімді болса, онда бұл туризм үшін де жақсы болады. Коронавирус - біз үйренуіміз қажет шындық, ол сарапшылар айтқандай, ешқайда кетпейді. Тірі қалу үшін оған вакцина қажет, енді тек тест нәтижесін күтеміз.
Біз жаңа ережелерді қабылдауға мәжбүр боламыз, себебі бұл қауіпсіздік мәселесі. Біз сондай-ақ ПТР сынағын талап ету ережесін қабылдадық. Мүмкін біз де вакцинаның тиімділігі толық дәлелденген жағдайда вакцина мәселесіне байланысты ереже қабылдаймыз", - деп түсіндірді сарапшы.

Сонымен қатар, Рашида Шайкенова вакцинация мәселесі әркімнің өз еркі екенін баса айтады. Бірақ статус-кво-дан жақсару байқалмағандықтан, таңдау қиын болуы мүмкін.

"Егер басқа әуекомпаниялары бұл тенденцияны қолдайтын болса, онда бізде тек екі жол бар - вакцинамен саяхаттау немесе үйде отыру", - дейді ол.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная