Салоннан табылған оқтың кесірінен Еуропаға бағыт алған ұшақ кешіктірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Ұшақ бортынан табылған оқтың салдарынан Еуропаға ұшуға тиіс рейс бір жарым сағатқа кешіктірілді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі AeroTime басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ұшақ бортынан табылған оқтың салдарынан Еуропаға ұшуға тиіс рейс бір жарым сағатқа кешіктірілді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі AeroTime басылымына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 24 наурызда Сеулдегі Инчхон халықаралық әуежайынан Миланға ұшатын Korean Air әуекемесінде болды. Бортты тазалаған қызметшілердің бірі жолаушылар орындығының астынан 9 миллиметрлік оқ тауып алған.

Басылымның хабарлауынша, Boeing 787-9 лайнері бұған дейін Бангкоктан ұшып келген екен. Енді полиция оқтың орындықтың астына қалай түскенін анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр. Олар ұшақ салонын тінтіп шықты. Алайда қауіп төндіретін басқа зат таппаған. Кейіннен олар табылған оқ лаңкестік әрекетпен байланысы жоқ деген қорытындыға келді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная