Батыс Аустралияның солтүстігіндегі танымал туристік қалада саяхаттап жүрген ерлі-зайыпты ұшақ апатынан қайтыс болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
3 наурыз, сәрсенбіде Мал Уоттс (Mal Watts) және Саманта Нуттолл (Samantha Nuttall) шағын ұшақпен серуендеуді жоспарлайды. Алайда ерлі-зайыпты байланысқа шықпаған соң, ертесі таңертең жергілікті полиция іздеу операциясын ұйымдастырды.
Іздеу басталғаннан шамамен үш сағат өткен соң құтқарушылар Эксмут туристік қаласының оңтүстігінде Кейп-Рейндж ұлттық саябағының шатқалында ұшақтың құлағанын анықтайды. Уоттс пен Натоллдың денелері де табылған. Енді апаттың себептерін Азаматтық авиация қауіпсіздігі басқармасы тексеріп жатыр.