2023 жылы римдік Треви субұрқағы рекордтық "табыс" тапты. Туристер субұрқаққа 1,6 миллион еуро көлемінде тиын лақтырған. Бұл туралы көрнекі орынға түскен қаражатты игерумен айналысатын Caritas қайырымдылық ұйымының өкілдері мәлімдеген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Риа Новости сайтына сілтеме жасап.
Ұйым өкілдерінің айтуынша, 2022 жылы бұл сома сәл азырақ болған - 1 миллион 430 мың евро.
Римдік Acea энергокомпаниясының қызметшілері субұрқаққа түскен тиындарды аптасына бірнеше рет жинайды. Барлығы туристердің келуіне байланысты - маусым кезінде тиын жинау жұмыстары күнде жүргізілуі мүмкін. Тиын жиналған соң қаптарға салынып, сұрыптамаға жіберіледі.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!