Римде туристерді түтіннен "бұлт" жауып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Римдегі туристер аптап ыстық пен түтін туралы ескертілді. Африкалық антициклон елді жауып, 40 градусқа дейін ыстық әкелді. Салдарынан өрт көбейді, одан жағдайды түтін ушықтырды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom.ru сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Римдегі туристер аптап ыстық пен түтін туралы ескертілді. Африкалық антициклон елді жауып, 40 градусқа дейін ыстық әкелді. Салдарынан өрт көбейді, одан жағдайды түтін ушықтырды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom.ru сайтына сілтеме жасап.

Нәтижесінде туристерге экскурсиялық маршруттар ұсынылмайды, керісінше, барлығына үйде немесе қонақүйде болу ұсынылады.

"Рим тозақ моншасына айналды", - деп шағымданады туристер әлеуметтік желілерде.

Таңертеңгі 8-ден бастап температура шамамен 40 градусқа, күннің астында 50-ге жетеді.

Куәгерлердің айтуынша, ыстықтың салдарынан бәрі құрғақ, шөп кез келген ұшқыннан шығады және жалын бірден таралады.

Қала тұрғындары мен туристерге ашық түсті киімдердің ең аз мөлшерін киюге кеңес беріледі, мүмкін болса, сыртқа шықпаған жөн және физикалық белсенділікті тоқтату керек. Сондай-ақ, су көп ішкен абзал. Басқа өңірлерде жағдай біршама жеңіл. 29 маусымда Италияның 19 қаласында ауа райының "қызыл" деңгейі жарияланды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная