Рейстен түсірілген ресейліктер Анталия әуежайында төбелесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Анталия әуежайында Мәскеуге ұшып кете алмаған ресейлік туристер жаппай төбелес шығарды. Куәгерлердің бірі оқиғаның видеосын желіде бөлісті, видео "360" Telegram-каналында пайда болды.


Иконка комментария блок соц сети

Анталия әуежайында Мәскеуге ұшып кете алмаған ресейлік туристер жаппай төбелес шығарды. Куәгерлердің бірі оқиғаның видеосын желіде бөлісті, видео "360" Telegram-каналында пайда болды.

Кадрлардан әуежайдың қауіпсіздік қызметкерлері төбелесіп жатқан 20-ға жуық ресейлікті ажыратуға тырысқанын көруге болады. Туристердің жаппай төбелесуінен аз уақыт бұрын Анталия - Мәскеу рейсінен себебін түсіндірместен шығарылғаны хабарланды.

Ресейліктер ұзақ уақыт бойы жүкті ала алмаған және әуекомпания өкілі түсініктеме бермеген.

Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Ресейге ұшып кете алмаған туристер кейін қонақүйлерге оралған.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная