Рейс кезінде ұшақтың есігін ашпақ болған ер адам қамауға алынды

Альбукеркеден Чикагоға ұшқан American Airlines әуекомпаниясының рейсінде күтпеген жағдай тіркелді. Ер адам агрессив түрде ұшу кезінде есікті ашпақ болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Independent басылымының мәліметінше, 20 ақпанда AA1219 рейсінде ұшып шыққаннан кейін 30 минут өткенде ер адам апаттық жағдайда ашылатын есікке жармасқан. Оған алты ер адам жабылып, әзер тоқтатқан. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Ұшақ дереу кері бұрылып, Альбукеркеге оралған. Видеодан ер адамның құрықталғанын және төрт полицей оны жетектеп ұшақтан түсіріп жатқаны бейнеленген.

"Альбукеркеден (ABQ) Чикагоға (ORD) ұшқан 1219 рейсі ұшақтағы келеңсіз жағдайға байланысты ұшып шыққан әуежайына қайта қонды. Ұшақ аман-есен қонды және жергілікті құқық қорғау органдары бортты күтіп алды", - делінген American Airlines хабарламасында.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!