Ресейлік туристердің Қазақстанға қызығушылығы артты

Ресейлік саяхатшылар көктемде бұрынғы КСРО-ның екі республикасына саяхатты жиі таңдады. Бұл туралы ТАСС OneTwoTrip саяхат жоспарлау қызметінің зерттеуіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ресейлік туристердің Қазақстан мен Белоруссияға билеттерді брондауы сәйкесінше 2,5 және 2,6 есе өсті. 

Сонымен қатар, ресейліктердің Қырғызстан мен Әзербайжанға деген қызығушылығы сәйкесінше, 25 және 9 пайызға төмендеген.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!