Ресейлік туристердің болмауына байланысты әлемдік туризм индустриясының шығындары жеті миллиард долларға жетеді, - деп хабарлайды Euromonitor International.
Сарапшылардың пікірінше, ресейлік туристер әлемдік саяхат шығындарының бір пайызын құрайды. Мысалы, тек 2021 жылы Ресей азаматтары шетелде 9,1 миллиард доллар (шамамен 760 миллиард рубль) жұмсады.
"Ресейлік бай туристердің жоғалуы саланың қалпына келуіне нұқсан келтірмейді, бірақ әлемнің көптеген елдеріне: Еуропа мен Кариб теңізінен бастап Түркия мен Таиландқа дейін айтарлықтай зиян келтіреді", - деп түсіндірді сарапшылар.
Егер бұрын туризм индустриясы коронавирус пандемиясынан кейін көтерілуге дайындалып жатса, Украинада қақтығыс басталғаннан кейін оның қалпына келуі баяулады.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!