Ресейлік танымал әншінің бұрынғы жары Балиде өз отандасын көлікпен қағып кетті

Тележүргізуші әрі блогер Айза-Лилуна Ай әлеуметтік желідегі парақшасында Балиде ресейлік азаматты қағып кеткенін жазды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Мен қазір ғана байк мінген ер адамды қағып кеттім", - деп жазды рэпер Гуфтың (Алексей Долматов) жары.

Оның айтуынша, оқиға балаларын мектептен алып кету үшін көлікпен бара жатқан кезде болған. Жолдың тар болғаны сонша, қарсы бағыттағы көлікті өткізу үшін ол артқа қарай жүруге мәжбүр болған.

Осы кезде ол артында тұрған байктағы адамды байқамай, қағып кеткен.

"Мен қатты бір дыбыс естідім: "Бірден адам қаққанымды сездім. Сосын орыс тілінде боқтау сөздер естідім", - дейді тележүргізуші.

Блогер Айза-Лилуна Ай парақшасынан скриншот. @aizalovesam

Жол-көлік оқиғасы салдарынан байк бүлінген және блогер сол жерде өтемақы беріп құтылған. Алайда ешкім зардап шекпеген. Әйелдің айтуынша, ол тіпті байктағы ер адаммен достасып үлгерген.

"Біз онымен хат алмасып, сөйлесіп тұрамыз. Қатты қорықтым", - деді Айза.

Айза-Лилуна Ай бірнеше аптадан бері Балиде екі ұлымен бірге Балиде тұрады. Сэм есімі ұлы әнші Гуфтың баласы.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!