Ресейлік екі туристі жарақаттаған Абхазия тұрғыны ұсталды. Ол бұрын қаруды заңсыз иемденгені, сақтағаны және алып жүргені үшін тергеуде болған. Бұл туралы РИА Новости республиканың Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Атыс кезінде жарақат алған ресейлік туристер Сочи ауруханасына жеткізілді. Абхазиядағы Ресей Федерациясының консулдығы мен Ресей Федерациясының ІІМ өкілдігі атысқа байланысты жағдайды бақылауда ұстап отыр. Республика ІІМ мәліметінше, атыс Пицунда қаласындағы "Самшитовая роща" пансионатының аумағында орналасқан "Апсны" мейрамханасында болған.
Абхазияның Ішкі істер министрлігіндегілер оқ атқан Дмитрий Пилия Гудаут ауданы Лыхны ауылының тұрғыны екенін айтты. Ол бұрын әртүрлі құқықбұзушылық үшін бірнеше рет жауапқа тартылған. Он жетінші мамырда оған атыс қаруын заңсыз иемденгені, сақтағаны және алып жүргені үшін қылмыстық іс қозғалған. Ол кезде күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен шығарылған.
Атыс кезінде ол өз тапаншасынан атылған оқтан жарақат алды.
"Қазір күдікті Пилия қамауға алынып, Сухум қаласының орталық аудандық ауруханасында жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!