Жер-жаһан 11 қаңтар 2021 08:15

Ресейде коронавирустың "ұлыбританиялық" штамы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Ресейде коронавирустың мутацияланған "ұлыбританиялық" штамын жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді, - деп хабарлайды Mash.


Ресейде коронавирустың мутацияланған "ұлыбританиялық" штамын жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді, - деп хабарлайды Mash.

Ресей тұтынушылар құқығын қадағалау комитетінің басшысы Анна Попова Ресейде коронавирустың "британиялық" штамы тіркелгенін мәлімдеді. Ол Ұлыбританиядан келген ресейліктен анықталған. 

Бұған дейін "ұлыбританиялық" штамм Грузияда анықталғаны белгілі болды. Ауырып қалған жергілікті тұрғын Ұлыбританияға бармағанын айтқан болатын.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, қазірдің өзінде 41 елде коронавирустың "ұлыбританиялық" штамы анықталған. Ал ОАР-да анықталған мутация алты елде тіркелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!