Ресей астанасының Домодедово әуежайында ер адам Мәскеу Калининград таңғы рейсіне кешігіп қалған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Жаңа билетті сатып алудың орнына ол өз бағытына ұшатын басқа лайнердің багаж бөліміне кіріп, жасырынған. Кейін оны полиция қызметкерлері тапқан.
"Московские новости" Телеграм-каналының мәліметінше, ер адамды психиатриялық ауруханаға жеткізген.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!