Ресейде бір түбекті түгелдей күл басып қалды. Видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: t.me/ustkamchatskiyraion Фото: t.me/ustkamchatskiyraion

Камчатка түбегіндегі тұрғындардың күні аспаннан жауған күлден басталды. Шамамен 6:30-да жергілікті Шивелуч жанартауы атқылай бастады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Камчатка түбегіндегі тұрғындардың күні аспаннан жауған күлден басталды. Шамамен 6:30-да жергілікті Шивелуч жанартауы атқылай бастады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Түбектегі ең үлкпен жанартау кратерінен атқылаған күлдің биіктігі 15 шақырымға жеткен. Ал жақын маңдағы қалалар мен елді мекендерді күл аралас қар басқан.

Куәгерлердің сөзінше қардың үстіне 8,5 сантиметр күл түскен. Ал кейбір ауылдарда күн көрінбей түнек басыпты. Әлеуметтік желіде Ключи және Козыревск ауылдарының тұрғындары түсірген видеолар таралып жатыр.

Ескерту, бейәдеп сөздер айтылады!

@vladimirkulik8 #камчатка#шивелуч#ключи#козыревск#вулкан#виверженнявулкану #виверження #попіл#пепел#росія #росия #россия #чп #мчс#мнс ♬ оригінальний звук - Володимир Кулик

@yulia150881

♬ оригинальный звук - Julia

Осы жағдайға байланысты апта соңына дейін барлық оқу орындары, мектептер мен балабақшалар жабылды. Ал тұрғындарға үйден шықпай, мүмкіндік болса қашықтықтан жұмыс істеуге кеңес берілді. Ал туристерге жанартау атқылаған орыннан 30 шақырым қашық жүру керегі айтылды.

Кейбір тасжолдар жабылып, жанартау белсенділігіне байланытсы оған қауіптілігі ең жоғары "қызыл" деңгей берілді. Бұл тіпті әуе қатынасы үшін де қауіпті екенін білдіреді.

Қазір аралда жағдай бақылауда көрінеді. Жергілікті халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатыр. Электр жүйесі қалпына келтірілді. Алда жолдарды тазалау жоспарланып отыр екен.

Сурет: Усть-Камчатск ауданының Telegram-арнасы.

Ресейлік жанартауды зерттеу мен сейсмология институтының директоры Алексей Озеров жанартаудың атқылай бастау себебін айтыпты.

Маманның сөзінше, 3 сәуір түбек жағалауында болған жер сілкінісі жанартаудың оянуына себеп болған.

"Осының салдарынан магмада газ түйіршіктері ұлғайды да, еріген заттардың жоғары көтерілуіне себеп болды", - дейді ол.

TengriTravel