Алматы облысында ұстатпайтын қар барыстары видеоға түсірілді

Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін қар барыстары түсірілген видеоны бөлісті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Жыртқыштар Көлсай көлдері ұлттық паркінде фототүзаққа түсіп қалған.

"Соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде шамамен 140-180 қар барысы бар. Сирек кездесетін жануар 1978 жылы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Қызыл кітапқа енген жануарларды заңсыз аулаған жағдайда мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деп хабарлады комитет.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от QAZFWC (@qazfwc)

Сарапшылар фототұзақтардың болғанына қарамастан, қар барысын түсіру қиын. Еркіндікті сүйетін жануар жиі қоныс аударады, сондықтан олардың қозғалысын бақылау оңай емес. Олар шекаралас аймақтарды мекендейді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!