Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды

Аты-жөні айтылмаған америкалық турист пышақтарды ерекше "жолмен" - жұмсақ ойыншықтың ішіне салып өтпек болады. Ол АҚШ әуежайында ұсталды. Оқиғаның егжей-тегжейін Fox8 телеарнасы жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Оқиға дүйсенбі, 27 желтоқсанда болған. Нью-Йорк тұрғыны өзінің 9 жасар ұлымен бірге Филадельфиядан үйіне қайтып келеді. Олардың жүгін сканерлеген кезде кеден қызметкерлері баланың ойыншығында біртүрлі тығыздықтағы заттарды байқайды. Олар Дарт Вэйдердің костюміндегі Тедди аюдың артындағы тігісті шешіп, екі пышақ тапты.

Көлік қауіпсіздігі басқармасы әйелдің ұшаққа пышақ салуға тырысқаны үшін жазаланатынын атап өтті. Филадельфия әуежайы Федералды қауіпсіздік қызметінің директоры Херардо Сперо: Бұл - балалар ойыншықтары сияқты мән бермейтін заттар қауіпті емес екеніне сенімді бола алмайтынымыздың жақсы мысалы", - деді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!