Профессор бассейнде инфекцияның көбейгенін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Бассейндер тамыздың аптап ыстығынан салқындауға асығатын туристер үшінөте қауіпті. Өйткені жазда дезинфекция жасалмайды және бассейндерде инфекция деңгейі артады. Аурудың белгілері - тамақ ауруы, диарея, жүрек айну және құсу, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Turkiyeturizm сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бассейндер тамыздың аптап ыстығынан салқындауға асығатын туристер үшінөте қауіпті. Өйткені жазда дезинфекция жасалмайды және бассейндерде инфекция деңгейі артады. Аурудың белгілері - тамақ ауруы, диарея, жүрек айну және құсу, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Turkiyeturizm сайтына сілтеме жасап.

Басылым түрік профессоры, Бейкент университетінің ауруханасының жұқпалы аурулар және клиникалық микробиология жөніндегі маманы Кан Полат Эйгүннің мәлімдемесін жариялады.

"Егер сақтық шаралары қолданылмаса, ауру туристермен немесе тасымалдаушы туристермен суға түсетін бактериялар, вирустар және паразиттер сияқты факторлар сау адамдарда ауру тудыруы мүмкін. Қазіргі уақытта курорттарда мына белгілері бар аурулардың - жұлдыру, диарея, жүрек айну және құсудың өсуі байқалады", - деп түсіндірді ол.

Бассейнде шомылғаннан кейін микробтар ортаңғы құлақтың қабынуын тудыруы мүмкін, деп ескертті сарапшы.

Сонымен қатар, ол демалушылар арасында танымал әдеттің тағы бір проблемасын атап өтті: "есіңізде болсын: сіз дымқыл купальник пен іш киімде отырмаңыз. Ылғал киімде ұзақ отыру қуық инфекцияларына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, біз қауіпті және зарарсыздандырылмаған деп санайтын бассейндегі суға кірмеңіз".

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная