Прагада полиция шетелдіктер жиналған заңсыз кештің үстінен түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Прага полициясы қала орталығындағы пәтерлердің бірінен 56 адам жиналған кештің үстінен түсті. Олардың көбі шетел азаматтары болған. Енді жас шетелдіктерге айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы полиция өкілі Ян Рыбанский мәлімдеді, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы.


Иконка комментария блок соц сети

Прага полициясы қала орталығындағы пәтерлердің бірінен 56 адам жиналған кештің үстінен түсті. Олардың көбі шетел азаматтары болған. Енді жас шетелдіктерге айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы полиция өкілі Ян Рыбанский мәлімдеді, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы.

"Жалпы 56 адам жиналған, көбі - шетелдіктер. Полиция жергілікті билік органдарына олардың жеке мәліметтерін жіберді, өйткені бұл азаматтар төтенше жағдай режимін бұзды", - деді Ян Рыбанский.

Прагада төтенше жағдай режимінің шарттарына сәйкес, ереже бұзушыларға 10 мың кронға дейін (195 мың теңге) айыппұл салынуы мүмкін. Сонымен қатар, Рыбанскийдің айтуынша, үш адамнан есірткі заттары анықталған және оған бөлек хаттама толтырылған.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная