Пойызда туриске көмегін ұсынған теміржол қызметкері оны зорлап кеткен

Үндістанда теміржол қызметкері пойызда ұлыбританиялық туристі зорлады. Полиция күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

The Hindu басылымының мәліметінше, Hampi Express пойызына мінген 30 жастағы саяхатшы Хоспеттен Карнатака штатындағы Бангалорға бағыт алған. Пойызға отырғаннан кейін ұлыбританиялық туристің іші бүріп ауыра бастаған. Ол пойыз қызметкерлерінің бірін көмекке шақырады.

Көмек көрсеткен сыңай танытқан үндістандық туристі дәретхана маңындағы қолжуатын бөлмеге апарған. Кейін оны бос тұрған орынға жатқызып, перделерді түсірген. Ер адам жан-жақта ешкімнің жоқ екенін пайдаланып, әйелдің ішін уқалай бастаған. Мұнымен қоймай, әрі қарай жыныс мүшелеріне қол жүгіртіп, ернінен сүймек болған.

Полицияға мән-жайды баяндап берген жәбірленуші ауырсыну салдарынан әлсіреп кеткенін, сол себепті қаскөйден құтылып кете алмағанын айтқан. Бұдан бөлек ол біреуді шақырудан қорыққанын айтты.

Артынша тәртіп сақшылары 22 жастағы Басавараджа есімді теміржол қызметкерін ұстағанын мәлім етті. Алайда кейін ер адамның кепіл беріп, босап шыққаны белгілі болды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!