Үш турист Польшаның Гданьск қаласындағы Мотлава өзенінде қайықпен аударылып қайтыс болды. Олардың арасында жүкті әйел болған. Бұл туралы Wiadomosci газеті жазады.
Басылымның мәліметінше, қатты толқын ағаш кемені құлатқан. Оның бортында 12 саяхатшы мен екі экипаж мүшесі болған. Екі турист, оның ішінде жүкті әйел жергілікті ауруханаға жеткізілді, бірақ дәрігерлер оларды құтқара алмады. Тағы бір 60 жастағы ер адам жарақат салдарынан сол жерде қайтыс болды.
Саяхатшыларға көмекке 20 құтқарушы жіберілгені атап өтілді. Билік қайықты аударып жіберген үлкен толқынға жақын маңдағы кеме себеп болды деп санайды.
Гданьск қаласының мэрі Александра Дулькевич бұл оқиғаны "үлкен трагедия" деп атады. Ол құқық қорғау органдарының тергеуге кіріскенін айтты.
"Зардап шеккендерге кәсіби медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі", - деп қосты ол.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!