Полиция OnlyFans моделін сайттағы жалаңаш суреттері үшін нудистік жағажайдан қуды

Танымал OnlyFans моделі Беатриз Миуки жалаңаштанған суреттері үшін Бразилияда нудистік жағажайдан күйеуімен бірге қуылды. Полицейлер оны танып қойып, жалаңаш суреттері үшін айыптады, - деп хабарлайды DailyStar.

Миукидің айтуынша, ол жолдасымен жартылай бос жағажайда демалып, жұмыс үшін емес өздеріне естелікке суретке түскен. Осы кезде құқық қорғау органдары қызметкерлері оларды көріп қалып, қызды таныған.

"Біз ешқандай да ашық-шашық сурет түсірмедік, ешқандай қылмыс жасамадық. Бұл жәй қарапайым суреттер еді", - дейді модель.

Алайда полицейлер отбасылық жұпты жағажай аумағынан шығарып, әйелді OnlyFans-тағы жұмысы үшін айыптаған. Миуки құқық қорғаушылардың өзіне қылмыскер ретінде қарағанын айтады, алайда ол ешқандай заң бұзбағанын айтып ақталады.

"Мен жаман ештеме істемедім. OnlyFans-та жұмыс істейтіндер көбіне осылай басқа адамдардың айыптауларынан зардап шегеді, бұл өте қиын. Полицейлермен сөйлесу өте ауыр болды, мен мұндайды бұрын соңды бастан өткермедім және қандай реакция білдірерімді де білмедім", - деп түйіндеді Беатриз.