Полицейлер Анталья жағажайларында тәулік бойы кезекшілік атқара бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/AysglAlp © pixabay.com/AysglAlp

Түркиялық Анталья қаласының жағажайларында бірнеше адамның денесі табылғаннан кейін полицейлер 15 шақырымға созылған аумақта тәулік бойы кезекшілік етіп жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі DHA агенттігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Түркиялық Анталья қаласының жағажайларында бірнеше адамның денесі табылғаннан кейін полицейлер 15 шақырымға созылған аумақта тәулік бойы кезекшілік етіп жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі DHA агенттігіне сілтеме жасап.

Өткен аптадан бері Анталья жағажайларында кемі 8 адамның денесі табылды. Жақында тағы бір мәйіт теңіз толқындарымен Мугла қаласының жағажайына дейін жеткен.

Түркия Ішкі істер министрі Әли Ерликая мәлімдеме жасап, Түркия жағажайларында табылған мәйіттердің тұлғасын анықтау жұмыстары әлі жалғасып жатқанын айтты. Сөзінше, біреуінен басқасы заңсыз мигранттарға тиесілі болуы мүмкін. Сейсенбіде жасалған ДНҚ-тесті денелердің бірі қаңтар айының басында жоғалған түрік студенті Мерве Эльмасқа тиесілі екенін растады.

"Анталья жағажайларында мәйіттер жиі табыла бастағаннан кейін полицейлер тәулік бойы кезекшілікке шықты. Олар 15 шақырымға жететін Кадрие, Белек және Богазкент аудандарындағы жағажайларды бақылайды. Жағажайды патрульдеуге бесжұлдызды қонақүймен қоса басқа туристік нысандардың да күзет қызметі атсалысады", - делінген хабарламада.

Теңізде Жағалау күзеті патрульмен айналысады.

Бұған дейін Ливанның Анкарадағы елшілігі желтоқсанда Кипрге қарай жолға шыққан кеме апатқа ұшырағанын айтқан болатын. Кемеде 90 заңсыз мигрант болған көрінеді

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная